"Үтікпен ұрып, тістеп алған": Павлодар облысында ашулы адам полицейге шабуыл жасады
Павлодар облысында ашулы адам үйіне барған полицей қызметкерін үтікпен ұрып, тістеп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет ашық дереккөзден
Деректерге сай Ақсу қаласының тұрғыны мас ұлының жанжал шығарып, агрессиялық әрекеттер жасап жатқанын айтып, полицияға хабарласқан.
"Көрсетілген мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын елемей, өзін агрессивті ұстап, полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен. Кейін үтікпен учаскелік полицейдің басынан ұрып, оның білегін тістеп алған", - деді Павлодар облысының полиция департаменті.
Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі (Билік өкіліне қорқыту немесе күш көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен