Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш рет тұрмысқа шықтым": Бибігүл Төлегенова жеке өмірі туралы сыр шертті

КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегенова жеке өмірінен сыр шертіп, сәтсіз неке құрғанын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Аңыз адам журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, үш рет тұрмыс құрғанын айтты. 

“Әркімнің өз бақыты бар. Бақытты әркім әрқалай түсінеді. Бір әйел күйеуінен бақыт табады, енді бірі өнерден табады. Мен өнерімнің арқасында бақытқа бөлендім. Сол үшін де маған ешбір еркек “Сені мен көтердім” деп айта алмайды. Ешкім мен үшін ештеңе істеген жоқ. Мені бәрі қолданды. Маған ешкім қолдау көрсетпеді.Мен қарсылық танытып үйреніп қалдым. Отбасылық бақыт туралы айтқым да келмейді. Үш рет тұрмыста болдым. Үш рет те сәтсіз болды. Маған бір жолы болмайтын ер адамдар жолыға берді. Маған керек емес дедім", – деп ағынан жарылды өнер иесі. 



Еске салайық, Бибігүл Ахметқызының күйеулерінен көңілі қалғанын жазған едік. 

“ Күйеулерімнің ешқайсысы өнерімді қолдамаған. Оларға үйде отыратын әйел керек болды. Тіпті бірімен заңды некеге де тіркелген жоқпыз. Бірінші жұбайымен ажыраспаған екен. “Семейге алып кетемін, маған Алматыда жұмыс жоқ” деп айтты. Жалпы еркектерден бағым жанбады. Олар туралы қазір мүлдем сөз қозғамаймын. Кітабыма да жазбадым. Оларды есіме де алғым келмейді”, – деген еді халық әртісі. 

Талқылау