AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан Бибігүл Төлегенованың образында өнер көрсеткен сәтін жария етті

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан Қазақтың бұлбұлы, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың бейнесінде сахнада өнер көрсеткен кадрларды көрсетті.

Жазылушылар Еркенің бұл өзгерісін жоғары бағалады.

“Тумасаң да ұқсап бақ” дегендей, дауысыммен де, қанша гримм жасаса да, келбетіммен де сұлу, бұлбұл әнші Бибігүл Төлегеноваға ұқсау қиын. Бірақ, бір жобада бақ сынап көрген болатынмын! Весна, достар, Весна! Қабыл алыңыздар! Тіршілік жаңаратын Наурыз мерекесі құтты болсын.🥰Өмірлеріңіздің жақсы жаққа өзгеруін тілеймін. Дендеріңіз сау болсын. Жарығымыз ұзақ, пейіліміз түзу, көңіліміз кең, еліміз аман болсын. Елімізден береке кетпесін”, деп жазды Ерке Есмахан. 

Александр Зацепин мен Яков Зискиндтің авторлығындағы бұл әсем әнді "Біздің сүйікті дәрігер" фильмінде Бибігүл Төлегенова шырқады. Таңғалған жазылушылар көптеген пікір қалдырып, Еркеге мақтау сөздерін жаудырды.

“Керемет дауыс, ақтөбелік қыздар сұлу", "Мына образда танымай қалдым, мүлде басқа Еркесің", "Бибігүл Төлегенованың бағындырған белестеріндей биік белестерді бағындыруға тілектеспін", " Ерке мықты әнші екенін дәлелдеп тұр", "Опера шақырып жатыр", "Супер дауыс", "Бибігүл Ахметқызы сияқты тұлғалар ғасырда бір туады. Бірақ үлгі алып, осындай адамдардай болуға тырысу керек"деп атап өтті олар.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр