Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерге қаралдым: Тұрсынбек сахнада не себепті көзін жыпылықтататынын түсіндірді

Еліміздегі ең танымал шоумен, “Әзіл Әлемі” театрының жетекшісі Тұрсынбек Қабатов бағдарлама барысында Ресей қалаларында берген концерттері жайлы баяндап берді. Сонымен қатар Тұрсынбек өзінің пародияға арқау болатын әдеттерін, қылықтарын өзі тізіп берді.

Бұл туралы “Қызық Live” бағдарламасында айтты. 

Ол жердегі жергілікті қазақтардың ерекшеліктері, салттары жайлы әңгіме қозғалды. Оған қоса өзінің нағыз импровизаторлық суырып салма қасиеттерін эфир барысында көрерменге паш етіп, күлкіге қарық қылды.

“Мені бәрі көзімді жыпылықтататыным үшін мазақ етіп, пародия салып жүр. Негізінде, мен көзімді жыпылықтатпаймымын. Өмірде ондай әдетім жоқ. Бірақ бастапқы жылдары6 сахнаға шығып жүргенде бәрі солай мазақ етті. Менің көзімді, қолымды беліме қоя беретінімді әзілдейтін. Кейін дәрігерге қаралып әбден емделдім. Дәрігер менің гримнен аллергиям бар екенін айтты. Cахнадағы жарықпен шағылысқанда көзімді ашып-жұма береді екенмін. Сахнаға алғаш шыққанда кәдімгі дүкендегі гельді сатып алып соны жаққанмын. Гель терлеген уақытта көзіме ағып түсті. Тіпті көзмді аша алмай, сахнадан кетіп қалған кезім болды. Сол секілді кремдер де термен бірге реакция бергенде көзіме әсер етеді екен. Сол себепті сахнада тұрғанда ғана көзімді ашып-жұма беремін. Қазір гримді абайлап жасататын болдым”, – деді әзілкеш. 



Әзілкеш командасымен Орынборға дейін барып, концерт берді. Театр басшысы ондағы қазақтардың қазақ әніне, әзіліне, өнеріне деген ерекше ықыласын айтты. 

“Ол жаққа көп қазақ әншілері бармайды екен. Олар қазақ әншілерін, қазақ концерттерін көргісі келеді. Бізді жылап тұрып қарсы алды. Ерекше құрмет көрсетті. Мен сахнаға шыға сағанда келген көрерменнің бәрі гүл берді. Оларда солай қалыптасқан екен. Бізде гүлді концерт соңында берсе, олар басында беріп тастайды екен. Суретке түседі. Бастапқы уақыт солай өтеді. Менің қобалжығанымның бәрі солай басылып қалды. Кейін толқымай, алаңдамай өнер көрсеттік”, – деді Қабатов. 

Талқылау