AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек: Ауылда жүрген бала екі аптадан кейін қалай елбасының алдына шыққанымды байқамай қалдым

Тұрсынбек Қабатов өзінің өнер жолына қалай келгенін айтты. Әнші болуды армандаған ол ойда-жоқта әзілкеш атанған. Бұл туралы “Қызық Live” бағдарламасында айтты. 

Тұрсынбек Қабатов Орал өңірінің тумасы. Мектеп бітірген шақта оқуға түсе алмай қатарынан 4 жыл жүрген Қабатов бастапқыда әнші болуды армандаған екен. 

“Мен бала кезімнен әнші болуды армандағанмын. Өнер жолын, әншілікті армандадым. Мектепте оқып жүргенде, кейін де ән айтып жүрдім. 4 жыл оқуға түсе алмаған адаммын. Ауылда, қораның төбесіне шығып алып, өзімді әнші сезініп, қой бағып жүрген баламын. Қиналған адам дегеніне жетеді. Мен Оралда оқуға түсе алмағандықтан, астанаға кетуді ойладым. Ол кезде “Дала дарындары” деген байқау бар. Одан жеңген адам астанаға “Шабыт” фестиваліне жолдама алады. Мен сол арқылы келейін деп шештім. Онда да ән айтамын деп ойладым. Бірақ менің алдымда 178 вокалист тіркеліпті. Мен оның бәрін жеңе алмайтынымды білдім. Тағы басқа номинацияларын сұрастырдым. Сонда эстрадалық бағытта ауызша әзіл айтуға болады деді.



Поэзия оқуға, пародия салуға болады екен. Бес адам ғана тіркеліпті. Бес адамды жеңуге мүмкіндік көп болғандықтан соған тіркелдім. Менің өнер жолыма келуіме сол сәт себепші болды. Оған дейін пародия жасап, әзіл айтып көрмеппін. Солай бір түн дайындалып, ертесі әзіл айтып шықтым. Оқуға түсуге келген Мырзабаев туралы әзілімді сол кезде айттым. Көрермен жақсы қабылдадым. Бәрі қол соғып, қошемет білдірді. Олардың қошеметін байқаған сайын арқам қозды. Әзілімді одан әрі қызықтыра айттым. Солай бас жүлдені жеңіп алдым”, - деді әзілкеш. 

Осылайша Қабатов жолдамамен “Шабыт” фестиваліне қатысады. Бұл жолы да бас жүлде иегері атанған. Тіпті үш күннен соң елбасының алдында өнер көрсеткенін мойындайды.

“Шабыт” фестивалінен жолдама алған соң үш күннен соң елбасының алдында өнер көрсетуге шақырды. Былай қарағанда ауылда, қораның төбесінде қиялдап отырған бала 15 күннен соң елбасының алдында өнер көрсеттім. Адам әрекет етсе, дегеніне жетеді екен. Адам бар кезде ешнәрсе істемейді. Жоқшылықта істейді. Мен мәжбүр болдым. Ауылдан кету керек болды. Ойда-жоқта әзіл айтып кеттім. Сол жолда әлі келе жатырмын. Ақшасы бар адам бизнесмен бола алмайды. Бизнесті ақшасы жоқ адамдар ғана жүргізіп әкетеді. Бұл да сол секілді болды”, – дейді Тұрсынбек мырза. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр