Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш пойыз бағытының тоқтатылу себебін санитарлық дәрігер түсіндірді

Қазақстанның бас көлік жөініндегі санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов "Тальго" вагондарынан құрылған үш пойыздың уақытша тоқтатылуын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тальго

"Тальго вагондарында осы бағыттардың тоқтатылуы жолаушылардың аз болуымен байланысты, яғни билеттерді сатып алу деңгейі төмен болғандықтан біз осындай шешім қабылдадық.

Ішкі бағыттардағы жолаушылар пойыздарының орташа отыру деңгейі 66 пайызды құрайды. Мониторинг көрсеткендей, купеде барлық бағыт бойынша бір ғана жолаушы болады. Сондай-ақ, тұрғындар өз бастамасымен билеттерді қайтара бастады", - деді дәрігер.

Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтан қаласының теміржол бекеттерінде адамдар көп емес екенін де атап өтті.

"Бұл тұрғындардың коронавирус инфекциясына қатысты сақтық танытқандығының дәлелі, осылайша қажетсіз байланыстар азаяды. Қазақстандықтар пойыз сапарларына қарағанда қысқа уақытта әуе қызметі арқылы белгіленген жерге жетуді жөн санайды немесе жеке көлігімен жүруге артықшылық береді", - деп қосты ол.

Естеріңізге сала кетейік, келесі бағыттар бойынша пойыздар тоқтатылды:

№ 19/20 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" - Атыраудан астанадан 1 шілдеден, Атыраудан 2 шілдеден бастап шығу;
№ 95/96 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" - Орал астанадан 2 шілдеден бастап, Орал қаласынан - 3 шілдеге дейін;
№ 701/702 Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол Алматы-2-ден 1-ші шілдеден бастап, астанадан 2-ші шілдеге дейін.

Бұрын осы пойыздарға билет сатып алған жолаушылар оларды қайтарып, толық құнын шегерімсіз ала алатындығы, сонымен қатар басқа пойыздарға билеттерін сатып ала алатындығы туралы хабарлайды.

Жолаушылар пойыздарының жүру кестесі, орындары мен тарифтері туралы соңғы ақпаратты 105 анықтама қызметіне қоңырау шалу арқылы біле аласыз (қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы телефоннан минутына 112 теңге тұрады).

Талқылау