Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш ота жасалды: Ерніне өз бетінше ботокс жасамақ болған қыз ауруханадан бір-ақ шықты

Днепрде 14 жастағы оқушы қыз екпенің көмегімен ернін үлкейту үшін бетке арналған косметикалық май енгізген, деп хабарлайды TSN.

Бойжеткен бұл әрекетін достарының сұлулық салондарына бара бастағанымен түсіндірді, онда ерін үлкейтетін екпелер жасалады. Осылайша, бойжеткен интернеттен тапқан кеңесті пайдаланып, операциядан ақша үнемдемек болады.

Ол астыңғы ерніне еккен соң ісіне бастайды. Оны ауруханаға жеткізуге тура келді, ол жерде жалпы наркозбен күрделі ота жасалып, майды алып тастады.

"Бұл тіндердің некрозына және тіпті бір бөлігінің немесе тіпті бүкіл еріннің түбегейлі құртуы мүмкін. Өйткені бұл препараттар теріні емдеуге арналған. Олардың бұлшықеттер мен жұмсақ тіндерде қалай әрекет ететіні толық белгісіз", –  деді дәрігер.

Жасөспірімге қазірдің өзінде үш операция жасалды. Ол жағымсыз оқиғалардан кейін ернінің кішірейгенін армандайтынын мойындады және жоғарғы ерніне инъекция жасамағанына қуанышты. Қыз түтікпен тамақ ішіп жатыр. Ол сондай-ақ болашақта сыртқы келбеті бойынша эксперимент жасаудан бас тартты.


Ботокс, шаш, макияж: Жұлдыздар күнделікті күтіміне қанша ақша жұмсайды

Талқылау