Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ботокс, шаш, макияж: Жұлдыздар күнделікті күтіміне қанша ақша жұмсайды

Қазақстандық танымал жандар алтындай бастарын қаншаға бағалайды? Бет күтімі, шаш күтіміне қанша қаражат жұмсайды? Ботокс жасайтын жұлдыздар кімдер? Бұл туралы әншілердің өздері айтып берді.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі OYBAY SHOW бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрлан Қоянбаев шашын 10 мың теңгеге қиғызатынын айтты. Одан бөлек ақ шашын жасыру үшін қара түске бояйтын көрінеді. Ал, басының құны қымбат тұратынын жеткізді.

"Түнгі студия" бағдарламасында жүргенде шашымды бояй бастадым. Мамандардың кеңесімен тонировка жасаттым. Олай етпесе, ақ шаш жарқырап жарыққа кері әсерін береді. Ал, шашыма арнайы күтім жасамаймын. Ел сияқты жуам, болды. Шашымды күтпегендіктен, аздап түсіп жатыр", - деді Қоянбаев.

Ал, Зарина Омарова бетінде ешқандай ботекс жоқ екенін ашып айтты. Ерніне де жасатпаған. Алайда басының құны қымбат.

"Басым өте қымбат. Шашым өзімдікі, жалғатпаймын. 15 мың теңгеге бояймын. Қасым татуаж емес. Кірпікті 12 мың теңгеге, бір күнгі макияжды 16 мың теңгеге жасаттым", - дейді әнші.

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі, әнші Алтынай Жолдыбаева бұған не деді?

"Менің басымдай бас жоқ шығар. Басым қымбат. Бетімде ешқандай ботекс жоқ. Шашым өзімдікі. 50-60 мың теңгеге бояймын. Кірпігім, қасымды жалғатпаймын. Көкірегімді жасатпағанмын. Маған бір жылда көкірегімді үлкейту үшін 6 ұсыныс келіп түсті. Бірақ менбас тарттым. Өзімнің көкірегім кішірек, әдемі. Өзімнің көңілім толады. сондықтан оны жасату туралы ойламаймын да", - деді әнші. 

Тамар Асар маңдайына, көз айналасына ботокс жасататынын мойындады. 

"Мен қабағымды қатты түйемін. Сондықтан маңдайыма, көз айналасына ботокс жасатамын. Шашымды бояған емеспін. Ақ шаш шықса, қиғызып тұрамын. Кірпік жалғатамын. Онсыз болмайды. Кірпік адамның өңін ашып тұрады. Қасыма татуаж жасатамын. Себебі көлік апатына түскенде, сол жақ қасым жарақаттанып, орнына қас шықпай қалды. Сондықтан үнемі татуаж жасатамын", - дейді Тамар Асар.


Талқылау