Үш облысты құру туралы жарлықтың жобасы Тоқаевтың қарауына енгізілді
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы Президент Қ. К. Тоқаевтың қарауына енгізілді, деп хабарланды премьер-министрдің баспасөз қызметінен.

ҚР Президентінің бастамасын жаңадан құрылатын өңірлердің тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар тарапынан қолдау тапты. Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлердің шекаралары айқындалды.
Үкімет қаулысымен ҚР Президентінің қарауына тиісті Жарлықтың жобасы енгізілді.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?