Үш хоккейші Қазақстан азаматтығынан бас тартып, құрамадан кетті
Хоккейшілер Егор Петухов, Антон Сагадеев және Алексей Маклюков Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Қазақстан құрамасында ойнамайтындарын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтығын алған үш спортшы да өз азаматтығынан бас тартпаған екен. Енді олар Қазақстан құрамасында ойнаудан бас тартты.
"Бұған дейін Петуховтың "Барысты" тастайтыны хабарланған болатын. Маклюков соңғы екі маусымда Магнитогорскінің "Металлургінде" ойнап жүр. Ол бұған дейін төрт жыл бойы "Барыстың" намысын қорғаған еді. Сагадеев өз кезегінде мансабын Сочиде жалғастырмақ”,- делінген хабарламада.
12-28 мамыр аралығында Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қалаларында Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Топтық кезеңде Канада, Чехия, Латвия, Словакия, Словения, Норвегия және Швейцария командалары кездеспек,
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

