Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"100 миллионнан асады": Арыс тұрғыны шығынын өтемесе, сотқа жүгінетінін айтты

Арыста жарылыс кезінде үйі мен қос бірдей дүкені және үш автокөлігі өртеніп кеткен тұрғын шығыным өтелмесе, сотқа жүгінемін деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz өңірдегі тілшісі. 

Арыс Тұрғыны

Тұрғын Еркөбек Мыңбаев биліктегілер уәдесінде тұрып, үйімнің орнын сүріп тастап, жаңадан баспана салып беруде дейді. Тек төтенше жағдай кезінде бизнесі және мүлкінен айырылған ол қалған шығынды кім төлейді деп отыр.   

«Өзім есептедім, шығын 100 млн теңгеден астам болды. Азық-түлік пен құрылыс материалдарын сататын дүкенім болған. Ішіндегі тауар мен үш көліктің, үйімнің күл-талқаны шықты. Өткен жолы үкімет басшысы келгенде әкем көліктердің шығынын сақтандыру полисіндегілер өтемейтін болды деп араша сұрап еді. Ол кісі қарастырамыз деген. Бірақ, әзірге тек үйімнің құрылысы жүріп жатыр. Өтемақы өтеледі деп те ешкім айтпады. Егер өтелмесе, сотқа жүгінемін де», - деді тұрғын.

Еркөбек Мыңбаев жарылыстан далада қалдық деп отбасы мүшелері жан-жақта жүргенін айтты. Балалары мен әйелі Алматыда қайын жұртының үйін паналап жүр екен. Ал өзі құрылыс жұмысын қадағалау мақсатында күні-түні сонда.      

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Арыс тұрғынының есік-терезесі жоқ үйде тұрып жатырмыз деп шағымданғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау