Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш баласы бар ерлі зайыптылар 10 жылдан кейін өздерінің туыс екенін білген

Үш баласы бар ерлі-зайыптылар ДНҚ сараптамасынан өткеннен кейін бір-бірімен туыстығы бар екенін анықтаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Колорадода тұратын Селина мен Джозеф Кинонестің отауласқандарына 17 жыл. Жұптың үш баласы бар. Селина өзінің шежіресін зерттеуді қолға алып, кейіннен жұбайымен жақындығы бар екенін түсінеді. Джозеф Селинаның немере ағасы болып шықты.

Үш баланың анасы таңданысын жасыра алмай, TikTok желісіне оқиғасын баяндайды.

"2006 жылы отбасын құрдық. Үш баламыз дүниеге келді. Ешқашан ойламаған жағдай, сөйтсек біз туыс екенбіз”, – деді әйел.

Ол басқа жұптарға ДНҚ-ларын тексеруге кеңес берді.

Бейнежазба таралып, төрт миллион қаралымға ие болды. Желі қолданушылары жағымсыз пікірлер қалдырып, оларға ажырасу керек деп айтты.

Әйелдің айтуынша, күйеуі өзінің немере ағасы екенін алғаш естіген сәтте аң-таң болған, тіпті ажырасу туралы да ойлар болған. Бірақ ерлі-зайыптылардың махаббаты бұрынғыдан да күшейіп, жағымсыз пікірлерді елемегенін айтты.



"Туысқан екенімізді білгенде, үш баламыз болды. ДНҚ тестті 2016 жылы жасадым, иә, бұл таңғаларлық нәрсе. Бірақ осы үшін екі жаққа кету керек пе? Біртүрлі емес пе? Мен бұл әлемде оны ештеңеге айырбастамаймын... Өмір бойы бірге боламыз. Балаларымыздың дені сау", – дейді Селина.

Селина мен Джозеф үйленбей тұрып, төрт ай кездескен. Сол үшін бұл туралы білмеген.

"Бір тамшы қан үшін осыған дейін бірге құрған шаңырағымыздың шайқалуына жол бермеймін. Біз оған дейін білмедік. Балаларымызға “біреулердің пікір үшін ажырасайын деп жатырмыз” деуім керек пе?! Жоқ, рахмет, біз жұбайлар, ғашықтар және туыстар болып қала береміз”, – деді әйел.

Талқылау