Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәби күтіп жүрген ерлі-зайыптылар кездейсоқ жағдайда немере бауырлар екенін біліп қалды

Юта штатының тұрғыны енді дүниеге келетін баласына ат іздеу кезінде арғы ата-әжелерінің күйеуінікімен бірдей екенін білгенін, осылайша әйел кездейсоқ немере ағасына үйленгенін және одан жүкті екенін айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

41 жастағы бизнесвумен Марселла Хилл өткен дүйсенбіде 300 000-ға жуық TikTok жазылушыларына өзі және күйеуі туралы құпиямен деректермен бөлісті. 

"Сонымен, мен бұл туралы ешқашан ешкімге ашық айтқан емеспін. Бірақ жақында кездейсоқ немере ағама тұрмысқа шыққанымды білдім", - деп бастайды ол миллионға жуық қаралым жинаған видеосын. 

"Диванға отырып, дүниеге келгелі жатқан баламызға есім іздедік.  FamilySearch-ке (генеалогиялық сайт) кіргенмін”, – дейді ол. 

Марселла өз атасының, әжесінің, арғы атасының, арғы әжесінің және одан арғы әжесінің есімдеріне қарағанда бірдеңе дұрыс емес екенін бірден түсінген. 

"Өзінің отбасылық зерттеуін жүргізіп отырған күйеуім “таңғаларлық жағдай, біздің атамыз бен әжеміздің есімдері бірдей екен” деді”, – дейді әйел. 

@beingmarcellahill Replying to @dancemuseic Why don't any of us know this!? What do docs think when all day their patients are asking about itchy ears!?!? and they are all the same age! #perimenopause #menopause #womenshealth #ifeelcrazy #marcellahill #itchyskin #itchyears #wakeherup ♬ original sound - Marcella Hill

"Тізбекке қарасам дәл менікіндей екен. Күйеуіме "жоқ, жоқ, сен шатасып менің тіркеу жазбама кіріп кеттің" деп айтып қоямын. Кейін бәрін басынан дұрыстап қарап, менің атамның оның әжесінің немере ағасы екенін түсінеміз", – дейді Марселла. 

Осыдан соң ерлі-зайыптылар өздерінің ата-әжелеріне қоңырау шалып, олардан “бір-бірлерімен таныс па” сұрайды. Ақырында күдіктері расталып, көп ұзамай жұбайлар өздерінің арғы ата-әжелері бірдей екенін, өздерінің немере бауырлар екенін біледі. 

"Әрине, әрине. Олар бала кезінде бір үйде өскен. Біз күйеуіміз екеуміз немере бауырлар екенбіз", - деді Марселла. 

Кейбір адамдар ерлі-зайыптылардың туысқандық байланысы туралы осы уақытқа дейін қалай білмегеніне таңғалды.

"Сіздер мұны үйлену тойында қалай түсінбегенсіздер?"- деп сұрады желі қолданушысы. 

Тағы біреуі: "Күте тұрыңыз. Сіз мұны қалай алдын-ала білмедіңіз?! Ата-әжелеріңіз үйлену тойында болған жоқ па?'” деді. 

Марселла бұл пікірлерге Tik Tok желісінде басқа видеомен жауап берді: "Біз сәрсенбіде жұмыстан кейін сот ғимаратында үйлендік. Айталық, бізде үйлену тойы болды, менің атам мен оның әжесі сол жерге келіп, ақырында немере бауырлар екенімізді білдік. Біз не істейтін едік?”, – деді ол. 

Алайда бұл жайттан ешқандай да әбестік көрмейтінін айтқандар да табылды. 

"Бір-бірінен алыс туысқандық. Алайда естен тандырарлық кездейсоқтық", - деді Tik Tok қолданушыларының бірі.

"3-ші немере бауыр дегеніміз бір-бірінен өте алыс емес пе”, – деп жазды тағы біреуі. 

Бірнеше әлеуметтік желі қолданушылары Марселла бұл жаңалықты жарияламай, өзінде қалдыруы керек еді деді. 

Сондай-ақ, Марселла алыс туысқанына кездейсоқ үйленген жалғыз адам емес сияқты.

"Күйеуім екеуміз 8-ші немере бауырлар екенімізді білгенбәз. Немере ағалары деп айтуға да келмес, бірақ бұл таңғаларлық жағдай болды", - деп жазды Tik Tok қолданушысы.

"Менің күйеуімнің ата-анасы 5-ші немере бауырлар екен. Оны анасынан естігенде күлдім (ол менің күлкімді ұнатпады деп ойлаймын)", - деді тағы біреуі.

Талқылау