Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш ауысымды тілеп алған жоқ қой": Депутат Асхат Аймағамбетов мектеп директорларының жауапкершілігі тым көп екенін айтты

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазір соттар мектеп директорларына немесе аурухана басшыларына айыппұл салғанда олардың мүмкіндігі мен құзыретін толық ескермейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Депутаттың сөзінше, санитария-эпидемиологиялық ереже мен нормалар бұзылғаны үшін мектеп үш ауысымды болса, айыппұл мектеп директорына салынады.

“Бірақ енді директор үш ауысымды басына тілеп алған жоқ қой. Мектеп тиісті деңгейде салынбағасын дәл осындай жағдайға жетеді. Сондықтан мүмкін мұндай мәселеде айыппұл әкімдіктерге салынуы керек шығар? Лаборатория, құрылғылар жетпесе, тағы да директорға жауапкершілік артылады. Бюджет болмағандықтан, олар құрылғыны сатып алмайды", – деді ол.

Асхат Аймағамбетов Жоғарғы соттың нормативтік қаулысы бұл мәселені шешеді.

"Айыппұл салғанда субъектінің мүмкіндігі мен осы мәселеге әсер ете алуын қарау керек. Екінші сұрақ ішкі істер министрлігіне. Қазір дәрігерлерді өзіне тән емес жұмысқа тартқаны, шамадан тыс есеп талап еткені үшін полиция жауапкершілікке тартады. Енді осы мәселені денсаулық сақтау министрлігінің комитеті қарастырса деген ұсыныс болды. Бұл мәселеге қалай қарайсыздар?" – деп сұрады мәжілісмен.

Мәжілістің пленарлы отырысына қатысқан сот әкімшілігі мен ішкі істер министрлігі өкілдері мәселені жұмыс тобында жан-жақты талқылап, пысықтауды ұсынды.

Талқылау