Үндістанда діни шараға қатысқан 100-ден аса адам қаза тапты
Үндістандағы діни шарада қаза тапқандар саны жүзден асты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елдің солтүстігіндегі Рати Бханпур ауылындағы ғибадатханалардың бірінде болған қайғылы оқиғадан тағы 200-ге жуық адам зардап шеккен. Басым бөлігі — әйелдер мен балалар.
Көпшілік Үндістандағы атақты дін өкілінің уағызын тыңдауға жиналған. Мінажат етуге келгендердің көп болғанынан адамдарға ауа жетпей, аптап ыстықта шетінен құлай бастаған. Халық бірін-бірі таптап, сыртқа шыға алмай қалған. Қазір полиция қаза тапқандардың жеке басын анықтап жатыр.
Үндістанда үлкен билборд адамдардың үстіне құлап кетті: Қаза тапқандар бар
Жергілікті билік мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия қүрылғанын хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда ауа температурасы рекордтық 52 градусқа дейін жеткені туралы жазған едік.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты