Үндістанда жарқанаттардың ағзасынан өте қауіпті вирус табылды
Үндістанда арты өлімге әкелетін Нипах вирусы табылды. Қауіпті вирус жарқанаттардың ағзасынан анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Вирусты Үндістанның ұлттың вирусология институтының зерттеушілері тапты. Ауру қоздырғыштарының тасымалдаушылары жарқанаттар болып шықты.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жарқанаттардың ағзасынан анықталған вирустарды әлемдегі ең қауіпті санайды. Бұл инфекция жануарлардың сілекейі жағылған жемістер арқылы адамға жұғады", – деп жазады үндістандық ғалым.
Қазіргі таңда бұл вирустан қорғайтын дәрі де, вакцинада жоқ. Вирустың өлімге әкелетін қауіпі 40-75%.
Бұған дейін вирус Үндістанда 2001 және 2007 жылы тіркелген. Содан кейін тағы екі рет 2018-2019 жылдары анықталыпты.
Ғалымдар ауру қоздырғышын әлі зерттеу керектігін жеткізді. Қазіргі таңда қолда бар ақпарат бойынша қорытынды жасау қиын екенін айтады.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"