Үндістанда ұшқыш есірткі қолданғандықтан апатқа ұшырай жаздады
Air India A320 жолаушылар ұшағының капитаны 4 тамызда ұшу кезінде есірткіге мас болған, бұл апатқа әкеліп соқтырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tass сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Air India басшылығы бастапқыда оқиға ұшақ турбуленттілікке тап болған кезде болғанын айтып, нақты себебін жасырған. Тергеу капитанның есірткінің әсерінде болғанын анықтады, ал тест марихуананы қолданғанын растады.
Оқиға Пхукеттен Нью-Делиге AI 2379 рейсі кезінде болған. Капитан кенеттен ұшақты басқара алмай қалған. Куәгерлердің айтуынша, ол басқаруды жоғалтып, өз міндеттерін орындай алмаған және шұғыл көмекке мұқтаж болған, бортсеріктер көмек көрсеткен.
Нәтижесінде ұшақ күрт төмендеп, 20 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі жарақат алған. Жарақат алғандардың он жетісі кейінірек ауруханаға жатқызылған. Екінші ұшқыш ұшақ рөлін өзі қолға алып, апаттың алдын алды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
