Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Той алдында күйеу жігітін тастап кеткен қалыңдық келесі күні басқа адаммен тұрмыс құрды

Үндістанның Панрути қаласында қалыңдық күйеу жігітін тойдан бір күн бұрын тастап, келесі күні басқа адаммен тұрмыс құрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of India басылымына сілтеме жасап.

үндістан

Инженер мен аспиранттың үйлену тойы 20 қаңтарда болуы керек болған. Той алдында жас жұбайлардың туыстары диджей шақырып, мерекелік жиын өткізген. Күйеу жігіт пен қалыңдық би билеп жүргенде олардың арасында қалыңдықтың немере ағасы түскен. Алдымен ол жұптың қолдарынан ұстап, бірге билеген. Бұдан кейін қалыңдық пен күйеу жігіттің ортасына тұрып, иықтарынан ұстаған. 

Қалыңдықтың туысының бұл қылығына ашуланған күйеу жігіт оларды итеріп, қалыңдығын шапалақпен ұрған. Бұл оқиғадан кейін қалыңдық тойдың болмайтынын хабарлаған, ал ата-анасы қыздың шешімін қолдаған. Бірнеше сағаттан кейін олар туыстары арасынан жаңа күйеу жігіт тауып, келесі күні той өткізген. 

Аспиранттың бұрынғы күйеу жігіті мерекелік жиынға 700 мың рупий жұмсаған. Ол полицияға арыз жазып, тергеу жүргізуді талап еткен. Жігіт жұмсалған ақшаны қайтарып алуды жоспарлаған. 

Талқылау