Үндістанда президент сайлауында әйел жеңіске жетті
Драупади Мурму Үндістандағы президент сайлауында жеңіске жетіп, ел тарихындағы екінші әйел президент атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Indian Express басылымына сілтеме жасап.

Дауыстарды есептеудің үшінші кезеңінен кейін NDA партиясының кандидаты Драупади Мурму 50 пайыздан астап дауыс жинаған.
64 жастағы Мурму – Үндістан президенті және қарулы күштердің бас қолбасшысы болып сайланған бірінші адиваси (Үнідстанның абориген тұрғындары) және екінші әйел.
"Үндістан оған елдің 15-президенті ретінде конституцияны қорғап, ешқандай қорқынышсыз әрекет етеді деп сенеді", - деп жазды Мурмудың басты бәсекелесі, оппозиция кандидаты Яшвант Синха.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"