Көпбалалы ер адам отбасының жиған-тергенін ұрлап, ұлының қалыңдығымен қашып кеткен
Фото: freepik.com
Үндістанда алты баланың әкесі отбасының жиған-тергенін ұрлап, кәмелетке толмаған ұлының қалыңдығымен қашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам 15 жасар ұлын үйлендірмек болып, оның қалыңдығының үйіне бірнеше рет барған. Әйелінің айтуынша, кейін қызға өзі ғашық болып қалған. Әйел күйеуінің қызбен телефон арқылы сөйлесіп жүргенін білген.
Ал ұлы әкесінің қызбен қарым-қатынасын білген соң үйленуден бас тартқан. Ұлының сөзінше, ата-әжесі де бұл жағдайдан хабардар болған, тіпті екеуінің қосылуына көмектескен.
Ақыры ер адам үйінен 200 мың рупий (шамамен 1 миллион 200 мың теңге) ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап, қашып кеткен. Ұлының қалыңдығы да жоғалып кеткен. Әйелі күйеуі мен қыздың бірге қашып кетіп, үйленіп алғанына сенімді.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”