Үндістанда діни шарада көз жұмғандар саны 120-дан асты
Үндістанда діни шарада адам қаптап, салдарынан 121 адам көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stringer via Reuters
Жергілікті полицияның мәліметінше, Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында 80 000 адам жиналуға рұқсат етілген жерге 250 000 мың адам ғибадат етуге келіпті. Олар атақты пірадардың уағызын тыңдауға жиналған.
Қалың қауымның көптігінен адамдарға ауа жетпей, бірінің үстіне бірі құлап, тапталып мерт болған. Ел билігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына материалдық көмек көрсетілмек.
Қаза болғандардың көпшілігі әйелдер екен, арасында балалар да бар.
Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда тұрғындар діни шараға қатысып, қаза болғаны айтылды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"