Үндістанда діни мереке кезінде тұрғындар құдыққа құлаған: 35 адам көз жұмды
Үндістанда діни мереке кезінде құдыққа құлап, 35 адам көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Мадхья-Прадештегі Индаур қаласының ғибадатханаларының бірінде болды. Тұрғындар индустардың Рамнавами мерекесін тойлауға жиналды. Ғибадатхана бірнеше жылдан бері мақсатына сай пайдаланылмаған ескі құдықтың үстіне салынған. Көпшіліктің салмағына шыдамай, ғимараттың едені құлады.
Рамнавами мерекесінің "Хаван" от рәсімі кезінде бетон плитасы құлады.
"18 адамды құтқардық, 35 адам мерт болды, 16 адам жарақат алды", – деді жергілікті мемлекеттік қызметкерлердің бірі.
Өлім саны одан да көп болуы мүмкін.
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда. 75-тен астам адам құтқаруға атсалысуда, әскерилер үйінділерді бөлшектеп, адамдарды арқан мен баспалдақ арқылы құдықтан шығарып жатыр.
Жамбыл облысында оқушының жүрегі тоқтап, жансақтау бөліміне түсті: Туыстары оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтты
Жақындарының сөзінше, оны сыныптасы жоғары сынптың балаларының айтуымен ұрған
Наурыздағы кездейсоқ кадр: Қазақстандық апа италиялық Vogue журналына қалай шықты
Фотографтың айтуынша, 4 жыл бойы Vogue-ға өзінің жұмыстарын жіберіп келеді