Үндістанда 191 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады (видео)
Үндістандағы әуежайда Air India жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 19:45 шамасында орын алған. Апатқа ұшыраған ұшақта 191 адам болыпты. Әуе кемесі Дубай-Кожикоде бағытында ұшуы керек болған.
Басылым мәліметінше, лайнер қонар кезде ұшу жолағынан шығып кеткен. Опат болғандар мен жарақат алғандар туралы хабар жоқ.
Әлеуметтік желіде ұшақтың құлағаны түсірілген видеосы таралып кетіпті.
Бейнежазбада әуе кемесінің бөлшектеніп қалғаны байқалады. Оның айналасында адамдар жиналып, олардың өртті сөндіріп жатқан аңғарылады.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда