Үндістан халық саны жағынан Қытайды басып озады – БҰҰ
Үндістан халық саны бойынша Қытайдан озып, әлемдегі халық саны көп мемлекет атануы мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Хабар24" арнасының мәліметінше, Біріккен Ұлттар Ұйымы сәуірдің екінші жартысында Үндістан халық саны бойынша Қытайдан озып, ең тығыз қоныстанған мемлекет атанады деген болжам жасады.
Қазір Үнді жерінде 1,4 миллиард адам тұрады. Ал 2011 жылғы санақ кезінде 1,2 миллиард адамды құраған еді.
Ал Қытай демографиялық мәселеге тап болып отыр. Бұл елде 100 әйелге 105 ер адамнан келеді. 1970 жылдары енгізілген "бір отбасы – бір бала" саясатының аяғы осындай мәселеге әкеліп соқты.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"