Үндістан жақында экономика жағынан әлемнің үздік төрттігіне кіреді – Сарапшы
Үндістан 2025 жылы 1 сәуірде әлемдегі экономикасы ең мықты төрттіктің қатарына кіреді. Үндістан премьер-министрі жанындағы экономикалық консультативтік кеңестің мүшесі Санджив Саньял осындай болжам жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Business Standard басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Сарапшы қазір Үндістан экономикасы ЖІӨ бойынша Жапониядан сәл төмен екенін айтты. Жапонияның экономикасы 4,1 триллион долларға бағаланған. 2024-2025 жылдың соңына қарай Үндістанның жалпы ішкі өнімі 4 триллион долларға жетеді деген болжам бар.
“Үндістан экономикасы келесі жылы жалпы ішкі өнім бойынша Жапониядан асып түседі. Жапония әлемдегі жалпы өнім бойынша үздік үштікке екі жылдан кейін кіре алады. Ол үшін жыл сайын экономикалық өсу қарқыны 7%-дан түспеуі керек”, – деді Саньял.
Еске салсақ, бұған дейін Үндістан халық саны бойынша көш бастап, Қытайдан асып кеткені айтылған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар