Ұлытау ауданында "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ұлытау аудандық мәдениет үйінде “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының аудандық кезеңінің марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шара отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасы институтын нығайтуға және ұлттық тәрбиені насихаттауға бағытталды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Аманжол Мырзабеков сөз сөйлеп, байқауға қатысушы әулеттерді құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі отбасының қоғам мен мемлекеттің берік тірегі екенін, ал ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі әрдайым ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Биыл ауданға қарасты ауылдардан 13 отбасы қатысып, өзара бақ сынады.
Байқау қорытындысы бойынша:
- Бас жүлде – Смайловтар әулеті (Егінді ауылы);
- І орын – Жаналиндер әулеті (Қоскөз ауылы);
- ІІ орын Бектемисовтер әулеті (Ұлытау ауылы) және Ағыбаевтар отбасы (Байқоңыр ауылы);
- ІІІ орын Әбділдиндер әулеті (Сарлық ауылы), Дүйсенбековтер әулеті (Сарысу ауылы) және Абдрахмановтар әулеті (Мибұлақ ауылы).
Сонымен қатар байқау аясында ерекше белсенділік танытқан отбасылар арнайы аталымдармен марапатталды. Атап айтқанда,
- Алишевтер – “Өнерлі отбасы”;
- Каримовтар – “Үлгілі отбасы”;
- Мырзабековтаер – “Өнегелі отбасы”;
- “Мейрамбековтер – “Белсенді отбасы” аталымдарына ие болды.
- Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Барша байқауға қатысқан отбасыларға өегіл өмір салтын насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлестері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Әр шаңыраққа бақ-береке, ынтымақ пен амандық тілейміз.
Алматыдағы саябақта агрессивті ер адам балаларға шабуыл жасады