Түркістан облысында қылмыстық топ жүк көліктеріне шекарадан тез өтуге көмектесіп келген
2026 жылы 12 маусым күні Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен және прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтың заңсыз қызметінің жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу мәліметтеріне сенсек, қылмыстық топ мүшелері мемлекеттік шекара арқылы өтіп жатып, кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізу үшін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңсыз делдалдық қызметтер ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
Жиналған материалдардың негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
“Тінту барысында 5 бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады