Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк теңгенің құлдырау себебін түсіндірді

Ұлттық валютаның құлдырауының негізгі себебі Қазақстанға миллиардтаған долларын құйған ірі шетелдік инвестициялардың кетуі мен АҚШ-тың федералдық қор жүйесінің де саясатын күшейтіп, пайыздық мөлшерлемелерін бірден көтеруінде болып отыр. Басқаша айтқанда, шетелдік инвесторлар біздің бағалы қағаздарымызға салған қаражаттарын қайтарып алып жатыр.

Енді, олар  қаражаттарын АҚШ-тың қазынашылық облигацияларына сала бастады. Реттеушінің айтуынша, осыған байланысты көптеген дамушы елдердің ұлттық валюталары құнсызданып жатыр.

Биржадағы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша америкалық валюта 349 теңгені құрайды. Мәселен, үш айда теңге 9% -ға әлсіреген. Біздің валютаға сондай-ақ мұнайдың бағасы, саудада серіктес мемлекеттердің айырбас бағамы, төлем балансының жағдайы мен инфляцияның деңгейі әсер етуде.

Оның үстіне Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық ставкасы және әлемдік пайыздық мөлшерлемелер де маңызды рөл атқарады. Өткен сәрсенбіде федералдық қор жүйесінде тарифтер өзгерген жоқ. Бірақ биылғы жылдың аяғына дейін олар екі есеге өсуі мүмкін. Сондықтан, бұған дейін біздің елімізге қызығушылық танытқан шетелдік инвесторлар енді дамыған нарықта жұмыс істегілері келеді.

“Инвестициялар көлемі 900 миллион долларға жуықтады. Ал, бұл валюталық нарыққа ықпал етпей қоймады. Ол тарифтерді қалыптастыруға әсер ететін факторлардың бірі болды. Іс жүзінде қазақстандық және ресейлік валюталық нарықтардың интеграциясы бар. Оның үстіне Қазақстанға тікелей санкциялар қолданылмайды. Дегенмен, олар валюталық арналар арқылы Ресейге әсер етуі мүмкін, содан кейін барып біздің нарыққа әсер етеді”,-дейді Ұлттық банкінің басқарма басшысы  Иван Сердюк.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау