Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұл-қызымның жүрегі жарылатын шығар: Қанат Үмбетов алғаш рет отбасылы екенін мойындады

Жеке өмірін жасырған отандық әншілердің бірі Қанат Үмбетов алғаш рет отбасылы екенін мойындады. Ол бір ұл мен бір қызы бар екенін ашық айтты.

Қанат Үмбетов

Бұл туралы Қанат Үмбетов Әнел Әлиасқардың “Шопыр қыз” бағдарламасында айтқан, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Үлкен ұлым 4-сыныпта оқиды, жасы 10-да. Өнерге енді келген кезде басым бос деп айтуға мәжбүр болдым”, – дейді Қанат.

Тоқтар Серіков шәкіртіне бұл қылығы үшін талай мәрте ұрысқан көрінеді.

“Тоқтар ағам маған жынданып жүретін. Кейде әзілдеп, “маған бәрібір, бала-шағаңның бар екенін айтып қоямын” деп қорқытатын. Уақыты келгенде айтамын деп жүрдім. Адам өзі бар нәрсесін жоқ дей алмайды ғой. Басында айттым. Бірақ Құдайға шүкір, бар. Балам мен қызымның қанша жаста екенін бүгін алғаш рет айтып отырмын. Тек қана “Аллаға шүкір, жанұям бар” деп айтқан болатынмын. Балам мен қызымның жүрегі жарылатын шығар”, – дейді Қанат Үмбетов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау