Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада "Бәсе" каналының авторына қастандық жасаған күдіктілер анықталды

Украина полициясы қастандыққа ұшыраған оппозиционер Айдос Садықты өлтірмек болған қылмыскерлерді тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Айдос Садыққа оқ атты деген күдікпен ұсталғандар Қазақстанның екі азаматы болып шықты. Біреуі – 33 жастағы Мейрам Қаратаев және 36 жастағы Алтай Жақанбаев.

Айдос Садықтың әйелі Наталья Садықтың айтуынша, олар оны өлтіруге бұйрық алған.

“Олар 2 маусымда Киевке келіп, жалдамалы пәтерлерде тұрып, Айдосты аңдыған. Осылайша қылмысты жоспарлаған”, – деді Наталья Садық. 

Сөзінше, Мейрам Қаратаев Қостанай облыстық ІІД қызметкері, қызметкерлер арасында оқ ату жарысында бірінші орынды иеленді.

“Тоқаевты қастандық жасады деп босқа айыптаған жоқпын, оны кәсіпқой адам атты деп айтқанымда да қателеспедім. Менің украиналық полицейлерге құрметім шексіз. Айдостың жағдайы бұрынғыдай”, – деді ол.

Ішкі істер министрлігі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Министрлік күдікті Мейрам Қаратаевтың 2019 жылдың қаңтарында ішкі істер органдарынан босатылғанын және "қазіргі уақытта полиция қызметкері емес" екенін айтты.

"Қазір біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайын анықтау бойынша тиісті жедел шаралар қабылдап жатыр", – делінген ІІМ хабарламасында.

Еске салсақ, журналист Айдос Садықты Украинада атып кеткені айтылған еді. Бұған дейін қазақстандық блогерге ота жасалғаны туралы жаздық. 

Тоқаев бұл жағдайға пікір білдірген еді. 

Талқылау