Украинада 12 қазақстандық азамат тұтқынға алынған – БАҚ
Украинадағы Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімінде Украинада тұтқынға алынған 12 Қазақстан азаматы туралы ақпарат бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ферғана” агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Украинадағы 12 қазақстандық тұтқын туралы ақпарат Ферғана агенттігінің алған ұрыс аймағында ұсталған немесе тергеуде жатқан Қазақстан азаматтары туралы сауалына берген ресми жауабында айтылған. Елшіліктің мәліметінше, бұл ақпарат Украинаның уәкілетті мемлекеттік органы ұсынған ақпаратқа негізделген.

Консулдық бөлім тұтқында отырған Қазақстан азаматтарының санаты бойынша бөлек есебін жүргізбейтінін түсіндірді. Сондықтан елшілік тиісті есепке алу жүйесінің жоғын айтып, бұл санаттар бойынша егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартты.
"Орташа айлық – 1 700 000 теңге": Қазақстандық дәрігерлер отбасы Германияға көшіп, табысын 10 есе арттырған
Шетелдегі қазақ дәрігер: "Айлығым шамамен 4 440 еуро, яғни 2 240 000 теңге"
Қазақстандағы ең қымбат ТОП-10 қонақүй: Бір түннің құны қанша
Қазақстандағы ең қымбат қонақүйлердің бірінде бір апта демалу құны - 2,8 миллион теңге.