Денесіне Украина туының түстеріндей бояу жағып алған: Жалаңаш әйел Канн кинофестивалінің шырқын бұзды
Украина туының түсінде денесін бояған жалаңаш әйел Канн фестивалінде қызыл кілемге қарай жүгірді. Осылайша ол соғысқа қарсы ұрандар айтып, наразылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Камералар алдында жартылай жалаңаш болып көрінген шара қонағының кеудесі мен қабырғалары көк және сары тондарға боялған болып шықты. Сонымен қатар әйелдің іш киімі қызыл дақтармен боялған.
Артынша қауіпсіздік қызметкерлері наразылық білдірушінің денесін күртемен жауып, алып кетуге мәжбүр болды. Оқиға Джордж Миллер түсірген "Три тысячи лет ожидания" фильмінің премьерасы кезінде болғаны белгілі.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды