Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жара"фестивалі Медеуде өтеді: Ақпаратқа мұз айдынын басқарушы компанияның жауап берді

Медеуде "Жара" музыка фестивалінің өтетіні туралы ақпаратты мұз айданын басқарушы компания халықаралық жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Әлеуметтік желіде Алматыда ауқымды шара өтетіні туралы ақпарат тарады. Сонымен қатар, Zakazbiletov.kz сайтында 25-28 шілде аралығында Медеуде ресейлік жұлдыздардың қатысуымен фестиваль өтетіні туралы ақпарат пайда болды.

"Алматы қаласының спорт нысандарының дирекциясы" ЖШС әлеуметтік желілерде Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен Медеуде "Жара" халықаралық музыка фестивалі өтетіні туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлайды”, - дейді басқарушы компания. 

Жоба продюсері, іс-шараны ұйымдастырушы Ольга Ли Медеу фестиваль өткізуге жарамсыз екенін, жарнамалық постерлер өзгеріп жатқанын түсіндірді.

Бастапқыда "Жара" фестивалі биыл 25-29 шілдеде Бакуде өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда сәуір айының басында ұйымдастырушылар әлемдегі қазіргі жағдайға байланысты фестивальді Бакуде ұйымдастыру мүмкін еместігін мәлімдеген. "Heat Music Awards" салтанатында фестиваль 25-28 шілде аралығында Қазақстанда өтетіні белгілі болды.

 

Талқылау