Украина президенті жаппай мобилизация туралы қаулы қабылдады
Украина президенті Владимир Зеленский 90 күн ішінде Украинада жаппай мобилизация өткізу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, 90 күн ішінде мобилизация Винницк, Волынск, Днепропетровск, Донецк, Житомир, Закарпат, Запорожье, Ивано-Франков, Киев, Кировоград, Луганск, Львовск, Николаевск, Одесса, Полтава, Ровенск, Сумск, Тернополь, Харьков, Херсонск, Хмельницк, Черкасск, Черновицк, Черниговск облыстары мен Киев қаласында жүргізіледі.
Сонымен қатар Зеленский жоғары бас қолбасшы міндетін мойнына жүктеді.
Украина президенті соңғы мәліметтер бойынша, елдің 137 азаматы көз жұмғанын хабарлады. Оның 10-ы офицер. 316 адам жарақат алды.
24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Владимир Путин ресейліктерге жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"