"Украина президенті етіп тағайындағысы келеді": Виктор Янкуовичтің ұшағы Минскте байқалды
7 наурызда Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің ұшағы Мәскеуден Минске ұшып келген. Біраз уақыттан соң ұшақ қайта Минсктен ұшып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Украинская правда басылымына сілтеме жасап.

Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес Януковичтің ұшағы бірнеше апта бұрын Ресейде ұшып, кейін Беларусьте қонған. Борт бағыты мынадай: Мәскеу-Орынбор, Орынбор-Мәскеу, Мәскеу-Мурманск, Мурманск-Сочи, Сочи-Мәскеу, Мәскеу-Сочи, Мәскеу-Санк-Петербург, Санк-Петербург-Мәскеу және Мәскеу-Минск.
Бұған дейін украиналық БАҚ-та Ресейдің Януковичті "президент етіп тағайындағысы" келетінін туралы ақпарат тараған еді.
Ал бірнеше күн бұрын Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Владимир Зеленскийді билікті Виктор Янкуовичке беруге шақырған. Қадыров Зеленскийдің осылай ғана өз кінәсін өтеуге мүмкіндік алатынын айтқан.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің тыныштық режимін жариялағаны туралы хабарлаған едік. Бұл халықтың соғыс аймағынан шығуы үшін жасалған.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"