Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанға ерекше мәртебе берілмек: Заң жобасы Мәжілісте қаралады

Үкімет парламентке Түркістан қаласын рухани-мәдени және тарихи орталық ретінде дамыту үшін оған ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасын парламент мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды. Заң жобасы мемлекет басшысының Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді.

Құжат Түркістанның Қазақстанның рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде қалыптасуы мен дамуының, сонымен қатар оның мемлекеттік маңызын танудың құқықтық негіздерін белгілейді.



Сонымен бірге үкімет басшысы Олжас Бектенов "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын парламент  мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды.

Заң жобасы Түркістан қаласының Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиімді институционалдық орта құру үшін уәкілетті органдардың, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреттерін кеңейтуге бағытталған. 

Еске сала кетейік, 2022 жылы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы деп тану туралы шешім қабылданған еді.

Талқылау