Тоқаев Түркістанға рухани-тарихи астана мәртебесін беруді ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевТүркістан облысының жұртшылығымен кездесуде Түркістанға рухани-тарихи астана мәртебесін беруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "БОРТ №1" телеграм парақшасына сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, Түркістанда есімдері қазақ тарихына алтын әріптермен жазылған көптеген көрнекті тұлғалар жерленген. Ал өткен жылы қалаға “түркі әлемінің рухани астанасы” атағы берілді.
“Бұл қасиетті қаланы біздің рухани-тарихи астанамыз деп атаған дұрыс болар. Сондықтан жақын арада үкімет Түркістанға осындай мәртебе беру туралы мәселе бойынша тиісті шешім қабылдайды деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Тоқаев түркістандықтармен кездесуде Қазақстанға ресейліктердің көп келуіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн