Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда матч кезінде футбол алаңына партия туымен шыққан көрермен ұсталды

Доп
Фото: pixabay.com

Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" пен "Ордабасы" командалары арасындағы футбол матчы кезінде таңқаларлық жайт болды. Жанкүйер алаңға саяси партияның туын көтеріп жүгіріп шығып ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Орталық стадионда футбол матчы кезінде алаңға Ұлттық социал-демократиялық партия туын көтеріп жүгіріп шыққан көрермен қоғамдық тәртіп пен қоғамдық іс-шараның қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзды.

“Полиция қызметкерлері стадион күзетшілерімен бірлесіп, заңсыз әрекетті дереу тоқтатты. Құқықбұзушы алаңда ұсталып, Бостандық аудандық полиция бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады полиция.

Құқықбұзушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Алматы полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекеттер, сондай-ақ спорттық іс-шараларды рұқсатсыз наразылық акциялары үшін пайдалану әрекеттері қабылданбайтынын және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Айтпақшы, матч 2:1 есебімен алматылық "Қайраттың" пайдасына аяқталды, бұл "Ордабасы" командасын ҚПЛ турнир кестесіндегі бірінші орыннан ығыстырды.

Қырмызы Скендір
Дүйсенбі, 27 Шілде, 2026 08:16
Талқылау