Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүздеген орама мен 5 қойма: Алматы полициясы есірткіні тарату желісін анықтады

Есірткі күдікті қойма
Фото: Видеодан скрин

Алматы полициясы синтетикалық есірткіні заңсыз сақтап, таратумен айналысты деген күдікке ілінген 40 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Операцияны қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді.

Күдіктіні жеке тінту кезінде бірнеше ондаған орама табылды. Кейін оның көлігін тексеру барысында дәл осындай жүзден астам орама тәркіленді. Ал тұрғылықты мекен жайында жүргізілген тінту кезінде шығу тегі сараптамамен анықталатын заттар, электронды таразы, қаптама материалдары және есірткіні бөлшектеп орауға пайдаланылған болуы мүмкін өзге де заттар табылды.

Тергеу барысында құқық қорғау органдары Алматы аумағынан бес жасырын қойманы анықтап, олардан тағы 300-ден астам ораманы тәркілеген. Барлық заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, тәркіленген заттардың шығу тегі, жеткізу арналары және күдіктінің ықтимал қылмыстық әрекеттегі рөлі анықталып жатыр.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 27 Шілде, 2026 08:19
Талқылау