Үкімет Қапшағайға Қонаевтың атын беру ұсынысын мақұлдады
Үкіметтің жанындағы ономастикалық комиссия Қапшағай қаласына Қонаевтың атын беру ұсынысын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күнгі халыққа арнаған Жолдауында Алматы облысының екіге бөлінетінін айтты. Оның ішінде Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласына ауыстырылатынын айтты. Аталған қалаға Дінмұхаммед Қонаевтың есімін беруді ұсынса, қолдайтынын мәлімдеді.
Көп ұзамай жергілікті мәслихат Қапшағай қаласына Дінмұхаммед Қонаевтың есімін беру туралы шешім шығарды. Ал соңғы шешім республикалық ономастикалық комиссияға қалдырылды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі