Қапшағайға ресми түрде Дінмұхамед Қонаевтың аты берілді
Қапшағай енді Қонаев қаласы деп аталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

24 наурызда Қапшағай қалалық мәслихаты отырысы өтті. Ол жерде Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаев деп өзгерту мәселесі бойынша ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенованың баяндамасы тыңдалды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаев деп өзгерту туралы шешім бірауыздан қабылданды.
"Қоғамдық бірлестіктерден әкімнің атына қаланы қайта атау туралы хаттар келіп түсті. Олардың арасында мүгедектер, көпбалалы аналар, кәсіпкерлер, түрлі этномәдени орталықтар мен партиялар бар", – деп атап өтті Шәйкенова.
Еске сала кетсек, 16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында егер халық Қапшағай қаласына Қонаевтың есімін беруді ұсынса, ол мұны қолдайтынын мәлімдеген болатын.
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады
Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен