Үкімет автонесие бағдарламасы іске қосылатын уақытты жариялады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазіргі кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде нормативтік актілер әзірленіп жатыр. Бағдарлама сәуір айында іске қосылады", – деді Скляр журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетсек, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бөлінетін қаржының көлемін және шарттарын жариялаған.
"Автонесиенің жылдық мөшерлемесі 4 процент болады. Ал алғашқы жарна болмайды. Несиенің мерзімі 7 жыл. Жеңілдетілген автонесиенің қымбат емес көліктерге беріледі. Осылайша, 71 мың адам жаңа көлікті қолжетімді бағамен ала алады", – деген болатын ол.
Бүгінде отандық өндірістің келесі брендтері қолжетімді: Hyundai, JAC, Chevrolet, KIA және LADA.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн