Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Азық-түлік бағасы жақын арада рекорд орнатуы мүмкін": Тоқаев үкімет пен әкімдіктерге жағдайды бақылауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақсыз халықаралық жағдайда азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі мәселесінің алға шыққанын мәлімдеді. Украинадағы жағдай азық-түлік бағасының күрт көтерілуіне әкелді. Баға жақын арада рекорд орнатуы мүмкін, деді мемлекет басшысы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Жақын арада рекорд орнатуы мүмкін. Енді бірінші орынға сапалы түрде егін егу мәселесі шығады. Алайда көптеген фермер, білуімше, егін егуге дайын емес. Үкімет пен әкімдіктер мұны бақылауға алуы тиіс. 

Жауын-шашынның төмен деңгейі бірқатар өңірлердің  егініне жағымсыз әсер етіп, жем-шөптің азаюйына әсер етуі мүмкін. Фермерлік қоғамдастықпен бірге агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік қолдауды қарастыру керек. Тауарлардың дефициті мен азық-түліктің қымбаттауын болдырмау үшін ауылшаруашылық тауарларын мемлекеттік тұрақтандыру қорларына форвардтық бағада сатып алу мәселесін қарастыру қажет”, – деді Тоқаев.

Талқылау