УЕФА Қазақстандағы футболды дамытуға көмектеспек
УЕФА (Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы) Қазақстанға футболды дамытуға бағытталған стратегия құрастыруға жәрдемдеспек. Бұған УЕФА-ның серіктесі Павел Колев жауапты болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болгариялық маман шақыруды 1 сәуірде кәсіби футбол лигасының өкілдерінен, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігінен алды. Колевтің айтуынша, ол отандық футболшылар мен УЕФА арасындағы көпір болмақ.
"Ұлттық федерацияның процеске қатысуы УЕФА үшін өте маңызды. Бұл жағдайда футбол ұйымы модернизацияға байланысты барлық бастамаларды қолдап, жобаларды іске асыруға үлес қосады. Қарапайым тілмен айтқанда, егер дамығыңыз келсе, УЕФА жетекші сарапшыларды шақырып отырып, сізге міндетті түрде әдістемелік қолдау көрсетеді", - дейді УЕФА серіктесі Павел Колев.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан