ҰБТ-ға дайындап, оқуға түсуге көмектесемін деген алаяқ оқушылардан 28 миллион теңгені сыпырып алған

Албаниядан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу барысында күдіктінің 2022-2023 жылдар аралығында күдікті интернет ресурстарды пайдалана отырып, жоғарғы сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау және жоғарғы оқу орындарына кепілді түрде түсу бойынша қызметтер көрсету туралы көрінеу жалған мәліметтер таратқаны анықталды.
Заңсыз әрекет салдарынан 32 азамат жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған.
2025 жылдың мамыр айында ол Албания Республикасының аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Өзіне тағылған қылмыстар бойынша оның мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Оқыңыз