Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"70 жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп тұрған кәсіпорын": Арнайы техника өндіретін оралдық зауыт ТМД-да жетекші орынға ие болуды мақсат етеді

UARM – Орал қаласындағы арнайы жүк тасымалдайтын көліктер мен коммерциялық техника шығарумен айналысатын ірі кәсіпорын. Арнайы автотехниканың 80-нен астам түрі жасалатын бұл зауыт Қазақстан Республикасында, Кедендік одақ елдерінде және көршілес елдерде сатылатын өрт техникасын құрастыру бойынша көшбасшы ұйым саналады. Кеңес Одағы дәуірінен бері жұмыс істеп тұрған кәсіпорын алдағы уақытта Jusan Bank-нің қолдауымен ТМД нарығында жетекші орынға ие болуды мақсат етеді.

Уарм Орал

1955 жылы құрылған зауыт алғашқы жылдары жанар-жағармай құю цистерналары сынды арнайы техника жасаумен айналысқан. Көлемі бұрынғы Кеңес Одағының бүкіл аймағы бойынша жылына 6000 бірлікке жеткен. Енді міне 60 жылдан астам уақыт бойы кәсіпорын Қазақстан және көршілес елдер нарығын қажетті арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп келеді.
Қазіргі уақытта 150 қызметкер жұмыс істейтін кәсіпорынның 9 негізі және қосалқы цехтары бар. Зауыт өз өнімдерін Қазақстаннан бөлек Кедендік одақ елдері мен жақын шетелдерге сатады.

Зауыттың басты артықшылығы - өнімдері мен қызметтерінің жоғары сапасында. Бұған техникалық құрал-жабдықтарды ұдайы жаңарту, жаңа заманауи технологияларды енгізу және инженерлер мен мамандардың біліктілігін тұрақты түрде арттыру арқылы қол жеткізіледі. Мысалы үшін, 2010-2012 жылдар аралығында зауыт толық модернизациядан өткен, оның ішінде барлық цехтар жаңартылып, зауыт қызметкерлерінің барлығы аттестациядан өткен. Сонымен қоса компанияның барлық жабдықтары Еуропадан әкелінген (Италия, Германия, Португалия).

"Бізде толық топтама бар, басынан бастап аяғына дейін барлығын өзіміз жасаймыз. Сапа үшін кепілдік береміз. Егер сіз өндіруші болсаңыз, барлығын өзіңіз жасауың керек деген сөз. Сәйкесінше, бұл процесті жылдамдатады. Яғни біз ешқандай тасымалдау, логистикалық шығындарға ақша жұмсамаймыз. Мұндағы қызметкерлердің барлығы өз жұмысын мақтан тұтады", - дейді қаржы директоры Асқар Сағынов.

Аскар Сагынов

Кәсіпорын тек сатып алып ғана қоймай, расымен де көп нәрсені өз қолымен жасап шығарады. Зауыттан шыққан техникалар да көп салада септігін тигізіп жатады. Атап айтқанда, өртті сөндіруде, самосваллар туралы айтар болсақ, жол жасау, қауіпті заттарды тасымалдау тағысы тағы бар. Қазір компания жаңа сегменттерді, жаңа нарықтарды игеріп жатқандықтан коммерциялық көліктерді шығаруды жолға қойған.

"Төртінші цех – зауыттағы басты маңызды цехтардың бірі. Ол цехта барлық зауыт өнімдерінің 90% жасалып шығатындықтан бүкіл жаңа, заман талабына сай қуатты құрал-жабдықтардың барлығын біз Еуропадан әкелгенбіз", - дейді екінші цехтың директоры Еркебұлан Иманғалиев.

Кәсіпорынның ұсынатын өнімдері мен қызметтерінің жоғары сапасы оны өзге бәсекелестерінен оқ бойы озық етеді.

Уарм Орал 3

2000 жылдың басында компания басшылығына "неге өзіміз жаңа өнім түрін шығармасқа" деген ой келген. Тиісінше, Төтенше жағдайлар министрлігіне "Өрт сөндіру цистернасын шығара аламыз ба?" деген сұраныс жолдаған.

"Бұл біз үшін, зауыт қызметкерлері үшін сынақ болды. 2000 жылдары өрт техникасын шығаруды бастадық және және бүгінге дейін осы сегментте көшбасшымыз. Бізде тек өрт техникасымен жұмыс істейтін арнайы жұмыс тобы бар. Бұл топ Төтенше жағдайлар министрлігімен және департаментімен байланыста, оларды тыңдай отырып, техникамызды жақсы жаққа өзгертуге тырысамыз", - дейді кәсіпорын басшысы.

Тағы бір атап өтерлігі, зауытта шығаратын автоцистерналар италиялық шассиде – IVECO шассиінде бар.

Уарм Орал 2

UARM мен Jusan Bank-нің жұмысты бастағанына бір жыл болған. Кәсіпорын басшылығы жақын арада өз тарапы мен Jusan тарапы күткен мақсаттарға жетеміз деген сенімін де жасырмайды.

"Біз ешқашан бір орында тұрақтап қалмаймыз, жыл сайын, әр онжылдықта жаңа нәрсені үйренеміз. Біздің қызметкерлер әрі қарай дамып, жетістіктерге жетуді қалайды. Менің ойымша, мұндай философияда жұмыс істеу өте жағымды. Біздің мақсатымыз – арнайы техника өндірісі бойынша ТМД-да жетекші орынға ие болу. Барлық қиындықтарға қарамастан, соған қарай жылжып келеміз. Бұл жолымызда Jusan Bank бізге қолдау көрсетеді деген сенімдемін", - дейді UARM басшысы.

Айта кетсек, соңғы үш жылда Jusan Bank шағын және орта бизнес секторын 900 млрд теңгеге қаржыландырды. Бұл өз кезегінде 175 мың жаңа жұмыс орнын ашуға сеп болды. 

Талқылау