ТЖМ ұшағы ана мен баланы шұғыл Қызылордадан Алматыға жеткізді (видео)
Фото: ТЖМ
ТЖМ авиаборты алты жасар баланы Қызылордадан Алматыа шұғыл емдеуге жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кремльге сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласының бейінді медициналық мекемелерінің бірінде мамандандырылған медициналық көмекке зәру 2019 жылы туған қыз баланы шұғыл эвакуациялау қажет болды.
Ұшақта баланың анасы, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері болды.
“Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақ экипажының және санитарлық авиация медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу штаттық режимде және қиындықсыз өтті. ТЖМ ұшағы Алматы әуежайына қонды, одан кейін қыз мамандардың бақылауымен одан әрі тексеріп, емдеу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдай министрлігі.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?