Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Тұздық қосылған жылқы еті, сиыр етінен сірне”: Қазақстанда оқушыларға арналған ас мәзірі бекітілді

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы мектеп асханаларының ас мәзірін әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Министрлік мәліметінше, жаңа ас мәзіріне қазақтың дәстүрлі тағамдары – тұздық қосылған қайнатылған жылқы еті, жент, құрт және сиыр еті қосылған сірне сияқты тағамдар енген. Сондай-ақ пайдалы салаттар, йогурттар, компоттар және көкөністер бар.

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларына арналған мәзірдің "саланың жетекші мамандарымен" бірлесе отырып жасалғанын атап өтті.



"Мәзір қауіпсіз, теңдестірілген және ғылыми негізделіп, балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен оларға қажетті калориялық құрамды ескере отырып жасалған. Мәзір жас санаттарын, маусымдарды, сондай-ақ азық-түлік блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануын да ескереді. Мәзір кеңестік сипатта әзірленген”, – делінген денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында. 

Министрлік сайтында жарияланған ас мәзірі апталарға және апта күндеріне жеке-жеке құрастырылған. Сондай-ақ мәзір тағам құрамындағы ақуыздарға, майларға, көмірсуларға және калорияларға қарай әртүрлі жастағы – 7-ден 10-ға дейін, 11-ден 14-ке дейін және 15-тен 18 жасқа дейінгі оқушыларға әзірленген. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы мектептердің бірінде оқушыларға қалдық тамақтар берілді деген ақпарат тараған еді.

Талқылау