Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Тұтқындар лагеріне ұқсайды”: Петропавлдағы жаңа саябақ тұрғындардың наразылығын тудырды

Петропавлда пайда болған жаңа саябақ тұрғындардың наразылығын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Брусиловский көшесіндегі саябақты абаттандыру көп жылдар бойы жүргізіліп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан көптеген шағымдар түскен. Олар бастапқыда бұл жер саябақ салуға мүлдем орынсыз деп қарсылық танытқан.

Пушкин көшесі, 67-үйдің тұрғындары қала әкімдігіне саябақты ретке келтіру жоспарын қайта қарауды немесе басқа жерге көшіруді сұрап, бірнеше рет хат жазған. Тұрғындардың қарсылығына қарамастан, саябақ салынған. Алайда тұрғындар сквердің видеосын жариялап, “Ұлы отан соғысындағы лагерлерге ұқсайды” деп пікір білдірді. 

Петропавл әкімдігінің баспасөз қызметі Брусиловский көшесіндегі саябақты абаттандыруға шамамен 150 миллион теңге бөлінгенін айтты.

"Мердігер "Юменг Строй" ЖШС асфальт, бордюрлерді демонтаждау, ағаштарды жұлу, қоқыстарды шығару жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар бордюрлар, қиыршық тастар орнатылды, брусчатка төселді", – деп қорытындылады қалалық әкімдік.

Қала тұрғындары жоба авторларының идеясын бағаламады, олар тротуармен жүру мүмкін емес екенін айтты.

"Ол жерде қалың жұрт еркін серуендеуін былай қойғанда, екі адам қатар жүре алмайды", – деп жазды Қалалық мәслихат депутаты Павел Афанасьев. 

Талқылау