"Тұсаукесер" сөзінің дұрыс жазылуы қандай

Кейбір сөздерді жазарда бірге жазыла ма, бөлек жазыла ма деп ойланып қаламыз. Сондай сөздердің бірі – Тұсаукесер сөзі. «Тұсаукесер» сөзі кейбір деректерде «тұсау кесер» деп бөлек жазылып жүр. Қайсысы дұрыс?

«Тұсаукесер» - қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүр атауы. Оны ғалым К.Күдеринова «Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы» атты еңбегінде «ҚТОС-індегі (1988) БС-дердің бір алуаны есімшенің предикаттық мәнде болжалды келер шақ мәнін беретін - ар, -ер, -р жұрнағымен келеді. Бұл қатардың дені салт-дәстүрге байланысты атаулардан, бірлі-жарым қару-жарақ, өсімдік аттарынан тұрады:

Ауызашар, алтыбасар, атбайлар, атсоғар, атұстар, бесіккесалар, босағаттар, ... күнқабар, кіндіккесер, қазанбұзар, қаптесер, қолкесер, қолтықсүйер, қолұстатар, қонысмайлар, қосбасар, құдатартар, ұүсқонар, қызқашар, мойынтастар, некеқияр, оққағар, отқасалар, сауытбұзар, суағар, сутартар(құс), сіргежияр, сіргемөлдіретер, тойбастар, тоқымқағар, тұсаукесер, тілашар, тілқияр, тіскебасар, үйқашар, ұлтабар, ұябасар» деп көрсетеді. Яғни, ғалым бірге жазылатынын атап өткен. 

Демек, бұл сөз – біріккен сөз. Біріккен сөз бірге жазылады. 

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр